Елде covid-19 жұқтырғандар саны 11,800 жуықтады. 3 адам көз жұмды.

Қазақстанда 11 796 адамнан коронавирус табылған. Жартысынан астамы немесе 5941 адам жазылған. 44 адам қайтыс болған.

Әлемде Covid-19 коронавирусы 6,3 миллионнан астам адамға жұқты. Қайтыс болғандар 380 мыңнан асты. 2,7 миллионнан астам адам жазылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты «пандемия» деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде адамдар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған