САУРАН АУДАНЫНДА «САУРАН-СУ» КӘСІПОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

Жаңадан бой көтерген Сауран ауданында «Сауран-Су» мемлекеттік коммуналдыө кәсіпорыны құрылды, – деп хабарлайды Otau.info Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Сауран ауданы әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, «Сауран-Су» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны құрылды.

Кәсіпорынның негізгі мақсаты – ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз су желісі саласында шаруашылық-өндірістік қызмет атқару, ыстық су және суық су желілерін жүргізу.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған