Түркістан қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Түркістан облысы Ордабасы ауданының бұрынғы әкімі Нұрбол Тұрашбеков Түркістан қаласының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды OTAU.INFO.

Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында дүниеге келген. Мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған.

Интернет-магазин женских товаровkbt-store.comС 2013 г. на рынкеПремуществаАссортиментПрайсПерейтиЯндекс.Директ

2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры, 2012 жылы (Астана қаласы) «Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

Нұрбол Тұрашбеков 2017 жылдан бері Түлкібас ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

2020 жылы Ордабасы ауданы әкімі болып тағайындалды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған