«Кәсіпкерлік Қырандары» пилоттық жобасы бастау алды

Түркістанда бизнес алпауыттарының қатысуымен елімізде алғаш рет «Кәсіпкерлік Қырандары» пилоттық жобасы бастау алды.

Ерекше форматта өткен жаңа шоу – жобаның мақсаты – инвесторлардың көмегімен микробизнесті, стартаперлерді, «Бастау Бизнес» түлектерін қолдау. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен телевизиялық жобаның алғашқы түсірілімінде белгілі бизнес мэтрлерінің алдында жас кәсіпкерлер өз бизнес — жобасын қорғап шықты. Таңдауы түскен түркістандық жас кәсіпкерге инвесторлар қаржы құйып, бағыт берді.

Мол табыс табудың қыр-сырын үйретіп, кәсіптің өркендеуіне үлес қосуға өңір кәсіпкерлері қолдау көрсетті. Тұңғыш рет қолға алынған ерекше жобаға Қ.Абасов, Н.Әбішев, С.Арапбаев, А.Ахметов, С.Ертаев, Т.Мұратов, М.Рисметов, И.Намазбаева, Б.Серманизов сынды өңірдегі ірі бизнесмендер қатысты. Тартысты жобада кәсіпкерліктің «жілігін шағып, майын ішкен» майталмандардың алдында жас кәсіпкерлер өз жобаларын қорғап шықты. Ток-шоу бағдарламасы наурыз мерекесінде «Turkistan» телеарнасының алғашқы эфирінде жарыққа шығады. 

«Кәсіпкерлік Қырандары» телевизиялық ток-шоу бағдарламасының алғашқы түсіріліміне қатысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің жас және өршіл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мүмкіндігі үшін инвесторларға алғыс айтты. Облыс басшысы кез-келген өңір экономикасының негізгі драйвері ретінде шағын және орта бизнестің ерекше рөлін атап өтті. Жобаға қатысушы жастармен тілдесіп, жігерлендірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған