САУРАН: Құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде комиссия отырысы өтті

ҒАНИ РЫСБЕКОВ: «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ САЛДАРЫМЕН ЕМЕС, СЕБЕБІМЕН КҮРЕСУ КЕРЕК»

Бүгін Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбековтың төрағалығымен Сауран ауданы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысына Сауран аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Д. Панзабеков, Сауран ауданы прокуратурасының прокуроры Р. Айдарбеков және комиссия мүшелері қатысты.

«Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес, Сауран ауданы әкімдігімен «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» 2021 жылғы 28 шілдедегі қаулысымен жұмыс жоспары бекітіліп, 9 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспарының 7 тармағының орындалуы Сауран ауданының полиция бөліміне жүктелген болатын.

Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

«Жеке адамдарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде ауыр, аса ауыр қылмыстардың профилактикасы» туралы Сауран аудандық полиция бөлімі басшысының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция майоры С. Тұрманов баяндама жасады.

«Жол көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғалардың алдын алу» туралы Сауран аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полициясы бөлімше басшысы, полиция майоры Д. Дауленов баяндама жасады.

«Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу ( мал, тұрғын үй, пәтер ұрлықтары, алаяқтық, қарақшылық, тонау, т.б)» туралы Сауран аудандық полиция бөлімі басшысының жедел істер жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі М. Альмухамедов баяндама жасады.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған