САУРАН: ХАЛЫҚ САНАҒЫ БОЙЫНША ҮНПАРАҚШАЛАР ТАРАТЫЛДЫ

Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары халық жиі шоғырланатын көшелер мен орталықтарында, кәсіпкерлік нысандарында Халық санағы бойынша үнпарақшалар таратып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Халық санағы – белгілі бір уақыт шеңберінде бүкіл елдің халқының немесе оның бір бөлігінің демографиялық, экономикалық, әлеуеттік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпы мемлекеттік статистикалық шаралар. Бұл санақ халықтың дәл сол уақыттағы мемлекеттік «лезде суретке түсіріп» алуға мүмкіндік береді. Халық санағында сол аумақтағы халықтың саны, құрылымы, әлеуметтік-экономикалық сипаты туралы ақпарат жинақталады. Халық санағы қорытындылары бойынша халықтың табиғи және миграциялық қозғалысын нақтылауға болады. Ұлттық санақ қорытындылары өзара сәйкес келуі керек, ал, негізгі қорытындылар бүкіл әлемдік халық санағының бөлігі болып есептеледі. Бұл өз кезегінде әлемдік экономиканың жаһандану дәуірінде үлкен мәнге ие.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған