Нұр-Сұлтанға ұшып келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтанға ұшып келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды, – деп хабарлайды Otau.info  қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, Мәскеуден ПТР сынағының сертификатынсыз келген 30 жастағы ер адам карантин стационарына жеткізіліп, қажет зертханалық тексерулерден өткен.

Аурухана басшылығының айтуынша, науқастың нәтижелері 4 сағаттан соң дайын болған. Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шағымсыз. Ер адамды тұрғылықты жеріндегі емханалардың медициналық мамандары бақылайды дейді әкімдіктегілер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған