Түркістан: Облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 3430 жағдай тіркелген

Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 3430 жағдай тіркелген, – деп хабарлайды OTAU.INFO порталы.

 Өңірде пандемия басталғалы күні бүгінге дейін барлығы 240 мыңға жуық тест өткізілді. Аймақта пандемияның екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілген. Инфекциялық стационарларда науқастарды қабылдауға 600 төсек-орын әзірленген. Сондай-ақ, 340 орындық карантиндік стационар қосылды. Жалпы, эпидемияның ықтимал өршуін ескере отырып, облыс бойынша 6000-ға жуық төсек-орын қарастырылған. Бұдан басқа, барлық емдеу мекемелері дәрі-дәрмектердің екі-үш айлық қорымен қамтамасыз етілген..

Түркістан облысының медициналық ұйымдарында орналасқан зертханалар тәулігіне Covid-19-ды анықтау үшін 5000 тест өткізуге дайын болып отыр. Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 3430 жағдай тіркелген . Қазір облыс бойынша тәулігіне ПТР-тест жүргізетін 10 зертхана жұмыс істеп жатыр3362 науқас сауығып кетті. Соңғы бір тәулікте індеттің симптомсыз түрімен 2 науқас тіркелді. Инфекциялық стационарларда қазір 44 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 1 науқас коронавирус инфекциясына, қалғандары вирусты пневмонияға шалдыққандар.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған