Шымкент пен Түркістан облысы қызметкерлері тойханада бас қосқан

Құқық қорғау органдары қызметкерлері карантин уақытында Жетісай мейрамханасында бас қосқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy, Vera.kz.-ке сілтеме жасай отырып.

Мереке барысында түсірілген видео WhatsApp арқылы таралған. Кадрда ерлер мен әйелдердің ашық дастархан басында жиналғаны, үстел үстінде тағамнан бөлек, алкогольдікке ұқсас бөтелкелердің бары көрінеді. Жиын себепшілері мектепті бітіргенінің 20 жылдығын тойлаған көрінеді.

Зейінді көрермен мереке тойлатқандар ішінен құқық қорғау органдарының, соның ішінде Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлерін байқап қалмаса, бәлкім, видео чаттар аясында қалар ма еді. Бейнеде олар алдымен бірге ән шырқап, содан соң тойханалар холлында естелікке суретке түскен.

Түркістан облысы полициясы карантин бұзушылардың 24 мамыр күні «Жетіген» тойханасында жиналғанын анықтаған.

«Жетісай ауданының жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік Кодексінің 425 бабы бойынша материалдар жинап, оны шешім қабылдау және жауапкершілікке тарту үшін ауданның санитарлық дәрігеріне тапсырды», – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері өз әріптестерінің тұлғасын анықтаған. Карантин кезінде бас қосқан қатысушылардың бірі қаланың аудандық басқармасындағы Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция бөлімін басқаратыны белгілі. Алайда, қызметкердің қандай жаза тартатыны туралы әзірге хабарланбаған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған