АҚШ-тағы тәртіпсіздікті тоқтату үшін Трамп әскер жұмылдыруға шешім қабылдады

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі тәртіпсіздікті тоқтату үшін барлық ресурстарды жұмылдырып, билігі Ұлттық гвардияны қатыстырудан бас тартқан жерлерге әскер кіргізетіндігін жеткізді.
Мен орын алып жатқан тәртіпсіздік пен тонауды, қираулар мен өрттерді тоқтатып, заңға бағынатын америкалықтардың құқықтарын қорғау үшін барлық федералдық азаматтық және әскери ресурстарды жұмылдырамын, – деп мәлімдеді Трамп Ақ үйде сөйлеген сөзінде.
Саясаткердің айтуынша, ол губернаторларға Ұлттық гвардияны жеткілікті мөлшерде өрістетуді ұсынды. Егер штат америкалықтардың өмірін қорғай алатын іс-әрекеттерден бас тартса, онда ол АҚШ-тың қарушы күштерін қолдану арқылы «мәселені шешуге» уәде берді.

АҚШ-тағы жаппай ереуілге 25 мамырдағы оқиға себеп болды. Халықтың шыдамы осы өлімннен кейін сейіле бастады. Бұл күні тәртіп сақшылары жалған чекпен есептескен күдікті Джордж Флойдты тұтқындауға келген. Афроамерикалық ер азаматтың қолына кісен салу үшін полиция оны асфальтқа құлатып, мойнын тізесімен 8 минут бойы тұншықтырған. Бұл, өз кезегінде, процесс куәгерлердің видеосына түсіп қалған. Онда Флойд полиция қызметкеріне тұншыққанын айтып, көмек сұрайды. Өлтірмеуін өтінеді. Бірақ, көрсетілген қысымнан оның жағдайы нашарлаған. Афроамерикалық күдікті жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған