Тоқаев парламенттік оппозиция туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламентте оппозицияны қалыптастыруға бағытталған екі Заңға қол қойды.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», – делінген президент сайтындағы ресми хабарламада. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін сенаторлар парламентте оппозицияны қалыптастыруға бағытталған түзетулерді қолдаған болатын. Сәйкес құжат мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюына жіберілген еді. Мәжілісмен Азат Перуашев парламенттік «оппозиция» ұғымының мемлекеттік құқық алаңына алғаш рет енгізіліп отырғанын айтты.

Осылайша, оған өз пікірін және халық пікірін білдіру, республиканың барлық тұрғынын толғандыратын мәселелерді көтеру құқығы берілетін болады.

Құжат оппозициялық блок депутаттарының өкілеттігін де кеңейтеді. Қазақстан парламентіндегі оппозиционерлерге жоғарғы палатаның және тұрақты комитеттердің отырыстарында, сондай-ақ парламентшілердің бірлескен отырыстарында сөз сөйлеуге рұқсат етіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған